Павлодар облысында антитеррористік оқу-жаттығу өтеді

Ол кешке дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
18 қыркүйек күні сағат 05:30 - 18:00 аралығында Павлодар облысы аумағында ҚР Антитеррорлық орталығының үйлестірумен терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы «Қыркүйек-Антитеррор-2025» антитеррористік оқу-жаттығу өтеді.
Павлодар облысының терроризмге қарсы штабы азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, ресми ақпарат дереккөздерге сенуді және оқу-жаттығуларға қатысатын мемлекеттік органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұрайды.