Павлодар облысында антитеррористік оқу-жаттығу өтеді
Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
31 қазан сағат 18:00 - 1 қараша сағат 02:00 аралығында Павлодар облысының аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы «Қазан-Антитеррор-2025» антитеррористік оқу-жаттығу өтеді.
Павлодар облысының терроризмге қарсы жедел штабы тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұрайды.
Осыған байланысты штаб азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырады.