Павлодар облысында автокөлік жылқыға соғылды
Салдарынан екі ер адам зардап шекті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар ауданы Толыбай және Маралды ауылдарының арасындағы жолда көлік жүргізушісі жылқыны қағып кетіп, жол-көлік оқиғасы орын алған.
– 1982 және 2001 жылы туған екі ер адам зардап шекті. Дәрігерлер екеуін де №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізді, – деді облыстық 103 қызметінде.
Мал иесіне қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік материал толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.