Павлодар облысында бірнеше ауыл әкімдері қайта сайланды

Павлодар облысында бірнеше ауыл әкімдері қайта сайланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл өңірде елуден астам ауыл әкімшілігінің басшылары қайта сайлануға тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар ауданында Заңғар, Луганск және Черноярка ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары шығарылды.

11 мамырда Заңғар ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 471 азамат енгізілді. Дауыс беруге 281 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 4 адам қатысты. Сайлаушылар үш үміткерден Коряковкада тұратын 37 жастағы Руслан Смановқа ең көп дауыс берді. Ол Инновациялық Еуразия университетінің түлегі, ауылдық округті 2017 жылдың тамыз айынан бастап басқарады.

Ал Луганск ауылдық округінің 70 пайыздан астам тұрғыны 35 жастағы Вадим Щегловқа дауысын берді. Ол «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша еңбек жолын жергілікті мектепте тарих және құқық негіздері пәнінің мұғалімі болып бастаған. Содан кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ал 2017 жылдың 1 маусымынан бастап ауыл әкімі болып тағайындалды.

Көкөністердің негізгі жеткізушілерінің бірі – Черноярск ауылдық округінің басшысын да қайта сайлады.  Сайлаушылар тізіміне 1798 азамат енгізілді, дауыс беруге 945 азамат қатысты. Олар Железин ауданының 52 жастағы тұрғыны Ермек Тоқтауловқа басымдық берді. Оның барлық еңбек қызметі Павлодар ауданымен байланысты. Ол үлкен округті 2017 жылдан бері басқарады.

Шарбақты ауданында да үш әкім қайта сайланды. Олардың екеуінде – жаңа тұлғалар. Галкин ауылдық округінде жергілікті әкімдік аппаратының 51 жастағы бас маманы Марат Асайынов, ал Сосновскіде Шарбақты ауданының «Павлодар облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы» мансап орталығы филиалының 62 жастағы басшысы Нұрлыбек Қизатов сайланды.

Сондай-ақ, дәл сол күні Успен ауданының тұрғындары сайлауға қатысты. Үш үмтікер Қоңырөзек ауылдық округінде әкімнің орнына таласты. 

Нәтижесінде ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 49 жастағы сектор меңгерушісі Айтолқын Қайырова жеңіске жетті. Лозов ауылдық округінде дауыс беруге 537 сайлаушы қатысып, 50 жастағы Болат Баймульдиновты өз әкімі қызметінде қалдырды. Равнополь ауылдық округінде әкімнің орнын Константиновка орта мектебінің директоры 37 жастағы Еркебұлан Мәдениет басты. 

Сайлау компаниясына тағы екі ауданның тұрғындары қатысты. Төрт ауыл кіретін Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылдық округін 42 жастағы Серік Тезекбаев қайта басқарды. Павлодар облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының «Павлодар қаласының мансап орталығы» филиалының 46 жастағы кеңесшісі Ертіс ауылынан Аманжол Құсайынов осы ауданның Северное ауылдық округі әкімшілігінің басшысы болып сайланды.

Тереңкөл ауданының Песчан ауылдық округінде өзгерістер болған жоқ. 2021 жылдың мамыр айынан бастап осы лауазымды атқарып жүрген 39 жастағы әділет майоры Серікбай Аликпаров қалды.