Павлодар облысында барлық бағыттар бойынша автожолдар жабылды
Оған қолайсыз ауа райы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
— 10 наурыз күні сағат 14:20-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қарлы боран, жаяу бұрқасын, қатты жел, көрінудің шектелуі) республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 6 учаскесінде қозғалыс шектелді, - делінген хабарламада.
— «Атамекен – Ертіс– РФ шекарасы» (0–263 км) – Атамекен кентінен Ресей Федерациясының шекарасына дейін;
— «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» (191–390 км) – Мичурин ауылынан РФ шекарасына дейін;
— «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлітөбе өткізу пункті)» (426–587 км) – Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейін;
— «Астана – Шідерті – Павлодар – Успен – РФ шекарасы (Қосақ өткізу пункті)» (0–152 км) – Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін;
— «Павлодар – Шарбақты – РФ шекарасы» (0–112 км) – Павлодар қаласынан РФ шекарасына дейін;
— «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» (25–220 км) – Ақсу қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі жолдар жабылды.
Аталған учаскелерде барлық автокөлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.