Павлодар облысында биыл мыңнан астам неке тіркелді
«Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистикамен бөлісті.
Павлодар облысының Мемлекеттік корпорация берген ақпараты бойынша 10 айда 3776 неке тіркелсе, 2024 жылдың басынан бері 1311 мың жаңа отбасы құрылды.
Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары.
Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 7828 азаматының тууы тіркелді.
Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді әрі бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу жоспарлануда. Қазірдің өзінде туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда, жоба ауқымы кеңейетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке» азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.