Павлодар облысында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы басталады

Павлодар облысында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы басталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мақсаты – браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полиция ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап браконьерлікті анықтау үшін аңшылық шаруашылықтары мен алқаптарды, соның ішінде аң аулау үшін аймаққа келген шетелдіктер арасында патрульдеу жүргізеді, – деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Сондай-ақ жолдардағы патрульдер атыс аңшылық қаруы мен патрондарын, суық қаруды сақтауға және алып жүруге, сондай-ақ аң аулау, балық аулау, ағаш кесу, ағаш дайындау құқығына рұқсат беру құжаттарының болуын тексереді.

Іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады. Полиция департаменті облыс қонақтары мен тұрғындарынан елдің табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауды сұрайды.