Павлодар облысында ерлікпен қаза тапқан полицейді еске алды

Павлодар облысында ерлікпен қаза тапқан полицейді еске алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Успен ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкері Асылбек Бижановты еске алуға арналған жыл сайынғы дәстүрлі спартакиада өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Спорттық дода шағын футбол, гір тасын көтеру, армрестлинг және кермеге тартылу бойынша ұйымдастырылды. Тартысты бәсекееі тамашалауға Асылбектің туған-туыстары, сондай-ақ қалалық және аудандық басқармалар, полиция бөлімдері мен департаменттің 14 командасы қатысты. 

— Барлық командалардың дайындық деңгейі жоғары болды. Дода барысында қарсыластар қақпасы маңында тартысты сәттер, нәтижелі пастар мен әдемі голдар көп болды, - дейді ұйымдастырушылар.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды – полиция департаментінің ОЖБ командасы, екінші орынды – департаменттің ЖҚАЖ командасы, үшінші орынды – Тереңкөл ауданының полиция бөлімі командасы иеленді. 

Ал кермеге тартылу бойынша бірінші орынға Қуаныш Шұғайыпов, екінші орынға Аңсар Мұхтар, үшінші орынға Әли Абельдинов пен Ильяс Валиев ие болды. 

Гір тасын көтеруден Алишер Бупеков пен Алексей Ладанов үздік атанса, армрестлинг бойынша Никита Семчукке тең келер ешкім болмады.