Павлодарлық құтқарушылар қосалқы станциядағы өрттің алдын алды
Өрттің шығу себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
— 5 маусым күні 101 пультіне Лермонтов көшесінде орналасқан жеке тұрған трансформаторлық қосалқы станцияда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде электр жабдықтарының жануы анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда.
Оқиға орнында қалпына келтіру және техникалық жұмыстарды жүргізу үшін бейінді қызметтердің мамандары өз жұмыстарын жалғастыруда.