Павлодар облысында колледждердің үздік 10 студенті анықталды
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары күзде өтетін республикалық байқауда өңір намысын қорғайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аймақта «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының өңірлік кезеңі аяқталды. Байқау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын дарынды әрі белсенді жастарды анықтауға бағытталған.
Сараптамалық комиссия оқу үлгерімін, қоғамдық белсенділікті, кәсіби шеберлікті, ғылыми-зерттеу және еріктілік қызметтегі жетістіктерді саралай отырып, өңірдің үздік 10 студентін анықтады.
Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары:
- Дархан Канжигалинов – Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі;
- Диана Мубаракова – Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі;
- Бейбіт Паруаз – Ақпараттық технологиялар колледжі;
- Максим Сорозидинов – Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі;
- Дәурен Камалбек – «Ertis» жоғары инновациялық-аграрлық колледжі;
- Эдуард Керкеснер – Павлодар сервис және тамақтану колледжі;
- Никита Гончаров – Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі;
- Анэля Рамазанова – Инновациялық Еуразия университетінің жоғары колледжі;
- Дария Тохтар – Торайғыров университетінің жоғары колледжі;
- Алина Сурдейкина – Инновациялық Еуразия университетінің жоғары Екібастұз колледжі.
Жеңімпаздар 2026 жылдың күзінде өтетін республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын қорғайды.