Павлодар облысында көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар пысықталды

Павлодар облысында көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар пысықталды
Фото: ТДЖ баспасөз қызметінен

Осы мақсатта өңірде «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау күштері мен құралдарын және көктемгі төтенше жағдайлар, ең алдымен су тасқыны кезіндегі іс-қимылдарды пысықтайды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожиновтың төрағалығымен ТЖД бастығы Рүстамбек Әмриннің және мүдделі қызметтердің қатысуымен облыстық ТЖ комиссиясының отырысы өтті. 

Су тасқынына қарсы алдын алу шараларын практикалық тұрғыда іске асыруға ерекше назар аударылды. Осылайша, аймақта ТЖД-да жедел штаб ашылды.

- Оқу-жаттығулардың тәжірибелік бөлігі Атамекен кентінде өткізілуде. Мұнда жылжымалы басқару пункті мен құрама эвакуациялық пункт орналастырылған, тұрғындарды ыстық тамақпен және орналастыру орындарымен жылыту пунктіне шартты түрде эвакуациялау жүргізіледі, - делінген хабарламада. 

Оқу-жаттығу барысында 507 текше метр қар шығарылып, ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз аймақтарға айдалды. Сонымен қатар, 5512 әскери бөлімнің әскери қызметшілері халықтың әлеуметтік осал топтарының аулаларын қардан тазартуды қолға алды.

Бқдан бөлек, аэроқайық пен жоғары өтімді техниканы қолдана отырып, іздестіру-құтқару операциясы жүргізілді. Іс-шараға «Қызыл Ай» қоғамының бірлестігінің еріктілері қатысты.

Айта кетелік, 25-27 ақпан аралығында өтетін шара барысында облыста 65-тен астам тәжірибелік іс-шаралар өткізу жоспарланған. Мұнда бөгеттерді нығайту, су өткізгіш құбырларды тазарту, су бұру арналарын жайластыру, эвакуациялық пункттер мен эвакуация маршруттарын тексеру.

Ықтимал су тасқынына ден қою үшін күштер тобы құрылды. Онда барлығы 1871 адам бар және 975 бірлік техника және 21 жүзу құралы жұмылдырылды.