Павлодар облысында оқушылар түстен кейін үйде оқиды

Павлодар облысында оқушылар түстен кейін үйде оқиды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екінші ауысым үшін сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар қаласының барлық мектептерінің 0-4-сыныптардың 2-ауысым оқушылары қашықтықтан оқиды. 

Ал Ақсуда 1-9-сынып оқушылары үйде қалады. Оқушыларды тасымалдау тоқтатылады. Екібастұз қаласының 1-4-сынып оқушылары да қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.