Павлодар облысында оқушылар түстен кейін де үйден оқиды

Павлодар облысында оқушылар түстен кейін де үйден оқиды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы мәлімдеді. 

- 19 ақпан күнгі көктайғаққа және жарақат алу қаупінің жоғары деңгейде сақталуына байланысты Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы мектептердегі екінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Еске сала кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты өңірде бірінші ауысымда оқитын 1–11-сынып оқушылары, сондай-ақ 9-сынып негізінде білім алып жатқан колледждердің 1–2-курс студенттері онлайн форматқа ауыстырылған болатын.