Павлодар облысында сібір жарасы бойынша эпидемиологиялық жағдай қандай?
Қазақстанда сібір жарасының 14 жағдайы расталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Инфекция көзі ауруға шалдыққан ауыл шаруашылығы жануарлары болып табылады. Берілу жолдары мен факторлары – мәжбүрлі сойылған және өлген ауыл шаруашылығы жануарының қанымен, терісімен және етімен тығыз жанасу. Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Досжанованың айтуынша, өңірде сібір жарасы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты күйінде қала береді.
– Қазақстанда 7 қазандағы жағдай бойынша сібір жарасы 14 жағдайда расталды, оның ішінде 12-сі – Алматы облысында, біреуі – Алматы қаласы мен Жамбыл облысында. Павлодар облысында ауру жағдайлары тіркелген жоқ,– деді Зәмзәгүл Досжанова.
Облыста профилактикалық іс-шаралар мақсатында ағымдағы жылдың 9 айында жоспарға сәйкес «қауіпті тобындағы» сібір жарасына қарсы халықты вакцинациялау жүргізілді. Жоспар бойынша 334 адам вакцина алса, 345 адам қайта вакцина алды. Сібір жарасының қоздырғыштарымен, микро мәдениетімен байланыста жүретін зертхананың ветеринариялық қызметінің санэпидбақылау аумақтық басқармаларының қызметкерлері, сонымен қатар ет өңдейтін кәсіпорындардың, сою пункттерінің және ішкі сауда объектілерінің жұмысшылары вакцинацияға жатады.