Павлодарда 12 жастағы қыз жоғалды

Павлодарда 12 жастағы қыз жоғалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол мектептен шығып үйіне оралмады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«VITA» іздестіру жасағының мәліметінше, 27 мамырда сағат 13:00-ден кейін Адель Нурхасимова №39 мектептің ауласынан белгісіз бағытта шығып, үйіне оралған жоқ.

12 жастағы Адельдің бойы 156-158 сантиметр. Ол арық денелі, көзі қоңыр, шашы ақшылдау және ұзын. Оқушы далаға сұр түсті спорттық киім, джинсы, ақ түсті кроссовки киіп шыққан. Еріктілердің айтуынша, оның қасында құрбысы болған.

Еріктелер Адельді көрген немесе оның орналасқан жерін білген адамдарды келесі нөмірлер бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 Катерина және +7 (777) 334 82 01 Светлана.