Павлодар облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына әлеуметтік көмек беріледі
Мыңнан астам азаматқа біржолғы төлем жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламар басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің қалалары мен аудандарында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің атаулы күні қарсаңында жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңында белгіленген сотта не өзге де тәртіппен саяси қуғын-сүргін құрбандары немесе саяси қуғын-сүргін құрбандары деп танылған, Социалистік Еңбек, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері, 1300-ден астам азаматқа, батырларға 36920 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жүргізілетін болады.
Облыстың қалалары мен аудандарында қолма-қол ақша автоматты түрде алушылардың жеке шоттарына аударылады.