Павлодар облысында суқұзғындары қауіп төндіруі мүмкін
Өңірдің балық шаруашылығы су айдындарында суқұзғындары көбейген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметінше, осы жағдайға қатысты көптеген сұрақтар түсуде.
– Өкінішке орай, қазіргі уақытта суқұзындарының санын реттеу шешуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ғылыми деректерге сүйенсек, олардың саны Павлодар облысында 4 мыңнан асады. Әсіресе бұл құстардың өсуі Май ауданы мен Аққулы ауданында тіркелген, – дейді инспекцияда.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы орган саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алуға рұқсат алу бойынша жұмыс жүргізуде. Суқұзғындары тек балықпен қоректенетініне қарамастан, олардың санын реттеу Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының құзыретіне жатады.
Егер жағдай реттелмесе, Ертіс өзенінің ихтиологиялық жағдайының биологиялық тепе-теңдігіне айтарлықтай зиян келтіріледі.