Павлодар облысында тұмау жұқтырғандар саны артты
Өткен аптада ауру көрсеткіші 1,3 есеге өскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дің 237 360 жағдайы және тұмаудың 33 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 13-і - В тұмауы, 20-сы - А тұмауы. 14 жасқа дейінгі балалар арасында – алты, жасөспірімдер арасында – төрт, жүкті әйелдер арасында алты жағдай тіркелді.
– Олардың барлығы – тұмауға қарсы егілмеген. Тұмау жұқтыру жағдайларының көбі Павлодар – 13 және Екібастұз қалаларында 13 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, Железин және Баянауыл аудандарында – екі жағдайдан, Ақсу қаласында, Павлодар және Тереңкөл аудандарында бір жағдайдан болды, – дейді департаментте.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметіне сүйенсек, осы аптада елімізде тұмау жұқтыру дерегі 24-тен 35 жағдайға дейін көбейіп, 11 жағдайға өскен. Басқа тұмаусыз инфекцияларға 15 420 үлгі тексерілді. Оның ішінде 1 591 сынамада оң нәтиже анықталды. Атап айтқанда, риновирус – 474 (30%), МС вирусы – 401 (25%), аденовирус – 208 (13%), парагрипп – 144 (9%), бокавирус – 104 (7%), метапневмовирус - 134 (8%) инфекцияларына тиесілі.