Павлодар облысында Тәуелсіздік күні ХҚКО-лар жұмыс істемейді

Павлодар облысында Тәуелсіздік күні ХҚКО-лар жұмыс істемейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

14 желтоқсан кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып саналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді.

Бұл ретте, 14 желтоқсан, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып саналады. Қызметтерді сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.

17 желтоқсан, яғни сейсенбі ХҚКО мен МХҚКО азаматтарды әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қабылдайды.

Еске салайық, орталықтар жұмыс күндері – сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды, ал дайын құжаттарды 20:00-ге дейін алуға болады. Сенбі күні мамандандырылған ХҚКО 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. 

Халыққа қызмету көрсетететін кезекші орталықтардың мекенжайларымен Instagram-дағы ресми парақшадан білуге болады.