Павлодар облысында жылқы иелері жазаланды

Павлодар облысында жылқы иелері жазаланды
Фото: Константин Шелков

Олардың тұяқты жануарлары автожолдарда жайылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция деапартаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар-Шарбақты автожолының 25 шақырымында полиция қызметкерлері қараусыз жайылған жылқыларды анықтаған. Сондай-ақ, Атамекен-Русская поляна автожолының 38 шақырымында жылқылар жүрді. Иесіз малдар айып тұрағына қамалды. Мал иелерін тәртіп сақшылары анықтап, тұрғындарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

– Павлодар облысында жыл басынан бері 1630 мал иесі бақылаусыз жайылып жүрген мал үшін жазаланды, – дейді департаментте. 

Полицейлер ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысатын азаматтарға малды сақтау бойынша қажетті шараларды қабылдау қажеттігін ескертеді.