Павлодар облысында жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді

Павлодар облысында жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді
Фото: Константин Шелков

Бұл өңірдегі көлік айрығы қондырмасының шеткі арқалықтарының зақымдалуына байланысты, деп  хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

22 қарашада сағат 00:30-да «Астана-Шідерті-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автожолының белгілі бір учаскесінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Шектеу Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана қаласына шығу бағытына қатысты.

Жүргізушілерге балама жолдар ұсынылды. Атап айтқанда: Қалқаманнан Астана қаласына қатынағыңыз келсе, Береке «Қалқаман-Ақсу» көлік айрығы арқылы қозғалуға болады. Жол ұзақтығы алты километр. 

Ал Павлодардан Қалқаманға барар жол «Баянауыл» көлік айрығы арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Қалқаманнан Павлодарға және Астанадан Қалқаманға бағытындағы жол қозғалысы қалыпты режимде ашық.

Қосымша ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласа аласыз.