5 қарашада Павлодар облысында тұманды болады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде облыстың оңтүстік, шығысында қар жауады, көктайғақ түсіп, тұманды болады. Күндіз сынап бағанасы -2...+3 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда күн бұлтты болады. Ауа температурасы +1...+3 °C-қа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.