Павлодар облысында жол қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін

Павлодар облысында жол қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір аумағында қарлы боран, көктайғақ пен тұман күтіліп отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23–24 желтоқсан аралығында өңірде қар, боран, көктайғақ және тұман болжанады. Сонымен қатар желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. 

– Осыған байланысты тұрғындардан алыс сапарлардан мүмкіндігінше бас тартып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірдегі автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.