Павлодар облысында жолаушылар жылыту пунктіне орналастырылды

Павлодар облысында жолаушылар жылыту пунктіне орналастырылды
Фото: жасанды интеллект

Бұл жолдардың жабылуына байланысты орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірде бірқатар автокөлік жолдары уақытша жабылды. Осыған орай Ақсу қаласындағы балалар шығармашылығы үйінің ғимаратында орналасқан жылыту пунктіне жолаушылар орналастырылды.

Өскемен – Степногорск және Өскемен – Қарағанды бағыттары бойынша қатынайтын екі шағын автобустың жолаушылары қауіпсіздік мақсатында уақытша жылыту пунктіне жеткізілді. Барлығы 18 адам орналастырылды.

Жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылып, демалуға және түнеуге қажетті жағдай жасалды. Ауа райы жақсарып, автокөлік жолдары ашылғаннан кейін шағын автобустар өз бағыттары бойынша қозғалысын жалғастырды.