Павлодар облысында жолда қалған жүргізушіге жолшылар қол ұшын созды
Өңірлік тас жолдардың бірінде ауыр жүк көлігі бағытынан жаңылып, қалың қарға батып қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметкерлері жүргізушіге жедел көмек көрсетті.
– Жолшылар көлікті сүйреп шығарып, жүргізушінің сапарын әрі қарай жалғастыруына жағдай жасады. Көрсетілген жедел қолдау үшін жүргізуші мамандарға өз алғысын білдірді, – деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, қыста мұндай жағдайлар жиі кездеседі, ал жолшылар әрдайым қиындыққа тап болған жүргізушілерге көмектесуге дайын.