Павлодар облысында қыстың соңғы айында қандай ауа райы күтіледі?
Ақпанның аяғына дейін қарлы болмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, айдың орташа ауа температурасы -10,5…-14,4°С шамасында күтіледі. Бұл көпжылдық климаттық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары (норма: -11,9…-15,9°С).
Ақпанның басында түнгі уақытта ауа температурасы -8…-13°С-тан облыстың солтүстігінде -17…-22°С-қа дейін төмендейді. Күндіз 0…-5°С, солтүстік аудандарда -8…-14°С күтіледі. Онкүндіктің ортасында түнде -12…-17°С, күндіз -4…-9°С-қа дейін жылынады, ал соңында қайтадан салқындайды.
Айдың ортасында күн суытып, түнгі температура -25…-30°С-қа, күндіз -15…-20°С-қа дейін төмендейді. Кейін біртіндеп жылыну байқалып, түнде -10…-15°С, күндіз 0…-5°С шамасына жетеді.
Ақпанның аяғына қарай түнгі ауа температурасы -8…-13°С-тан -15…-20°С-қа дейін төмендейді, облыстың солтүстігінде -23°С болуы мүмкін. Күндіз -3…+2°С-тан -7…-12°С-қа дейін, ал оңтүстікте –2°С шамасында болады.
Айлық жауын-шашын мөлшері климаттық нормаға жуық болады (10–15 мм). Қар жаууы мен боран ақпанның бірінші онкүндігінің басында, сондай-ақ екінші және үшінші онкүндіктердің басы мен ортасында күтіледі. Айдың ортасында тұман түсуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді.