Павлодар облысында ұлына алимент төлемеген әке жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында ұлына алимент төлемеген әке жауапкершілікке тартылды
Фото: zakon7ya.ru

Ер адам бір рет қана 20 мың теңге төлеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Облыстық  полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам алимент төлеу қажеттілігі туралы бірнеше рет хабарламаларға, жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарға, сондай-ақ сот шешімі орындалмаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ескертулерге мән бермеген.

13 жасар ұлына алимент төлеуден жалтарған  облыс тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам бір рет қана 20 мың теңге төлеген. Жалпы алғанда, еңбекке қабілетті борышкердің кәмелетке толмаған балаға алимент төлеуден қасақана жалтаруысалдарынан берешек мөлшері шамамен 4,5 миллион теңгені құрады, – дейді департаментте. 

 Қазіргі уақытта борышкер әкеге қатысты ҚР ҚК 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, осы бап бойынша қоғамдық жұмыстарға алты жүз сағатқа дейін тарту немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Фото: zakon7ya.ru