Павлодар облысының астықты өлкесі жаңа бағытты қолға алды
Ауданда егістік алқаптарын диверсификациялау қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс ауданында биылғы жылы егістік алқабы 325 мың гектардан асты, бұл былтырғы көрсеткіштер он гектарға жуық артық. Астықты өлке жерлерінің басым бөлігінде дәстүрлі түрде дәнді дақылдар өсірілді – 217 мың гектар. Майлы дақылдар болса 78 мың гектарды құрады, бұл 21 000 гектардан астамға немесе 40%-ға өскен. Бұл туралы аудан әкімі Нығман Жүсіпов хабарлады.
- Оның ішінде күнбағыс 65 мың гектарды, 12 200 зығыр алды. Ауыл шаруашылығы өндірушілері егістік алқаптарын әртараптандыруға көңіл бөлуде. Егістік алқаптарының құрылымы тиімдірек және сұранысқа ие дақылдарға қарай ойысуда, - дейді Нығман Жүсіпов.
Ауыл шаруашылығы бойынша аудан экономикасының құрылымында айтарлықтай үлес ауыл шаруашылығына тиесілі. Ағымдағы жылдың он айында ауданда 43 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері – 29 миллиард теңгеге, мал шаруашылығы өнімдері – 14 миллиард теңгеге өндірілді.
Сондай-ақ, биыл ауданда астық өнімділігі көрсеткіші едәуір өскен. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі деңгейі әрбір гектардан 15 центнерді құрады, былтыр бұл көрсеткіш 11,8 центнер болған.
Жаңа егін жиналған астықты тазалау үшін отыз жеті механикаландырылған қырман пайдаланылуда. Ауданда жалпы сыйымдылығы 318 мың тонна болатын 141 астық сақтау қоймасы және 14 астық кептіргіш бар.
Биыл аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 1 миллиард 441 миллион теңгеден астам субсидия алды. Сонымен қатар, қаржы институттары фермерлерге алты миллиард теңге несие берді.
Ауыл шаруашылығындағы маңызды міндет – суармалы жерлердің пайдалану тиімділігін арттыру және олардың көлемін ұлғайту. Ертіс ауданында суармалы жерлердің көлемі 2848 гектардан асады. Бұл бағыттағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде.
Қарақұдық ауылында инвестиция көлемі «KM ErtisAgro» ЖШС-нің құны миллиард теңгеден асатын жобасы іске асырылды, жоба аясында суармалы учаске салынып 19 жұмыс орны ұсынылды.
Мал қыстағын ойдағыдай өткізу үшін 115 мың тоннадан астам мал азығы және 12 мың тонна құнарлы жем дайындалды.