Павлодар облысының мәслихат төрағасы: «Бұл сынақтан да бірлікпен өтеміз!»
Оның сөзінше, еліміздің кейбір бөлігі тілсіз жаудың зардабын шегуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық «AMANAT» партиясының және мәслихат төрағасы, Президенттің шұғыл кеңесте айтылған сөздеріне толықтай қосылады.
– Мемлекет басшысы мәселені бақылауға алып, жауаптыларға қатаң сөгіс беріп, қиындықта қалған отбасыларға көмек көрсетілетінін уәде етті. Бүкіл елдің басына осындай сындарлы сәт туғанда барлық ел болып жұмылайық,– деп жазды Илья Теренченко жеке Facebook парақшасында.
Ол үйлерін су басқан жанұяларға сабырлық танытуға шақырады.
– Біз әрдайым қол ұшын беруге дайынбыз. Тілегіміз бір: қауіптің беті қайтып, шуақты күндеріміз оралсын!– деді депутат.
Айта кетейік, павлодарлық «Жебе» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Данияр Жұмаділ де су тасқынына байланысты қолдау сөздерін білдірді.