Павлодарлық полицейлер республикалық чемпионатта жүлдегер атанды

Павлодарлық полицейлер республикалық чемпионатта жүлдегер атанды
Фото: Константин Шелков

Грэпплинг бойынша ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің тәжірибелі спортшылары жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, департамент құрылымында спорт кәсіптік даярлықтың маңызды және ажырамас бөлігі болып табылатын әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері өздерінің жедел-қызметтік міндеттерін орындайды. 

Полицейлер халықаралық және республикалық жарыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

Мәселен, өңіріміздің полицейлері Қостанай қаласында өткен AIGA нұсқасындағы грэпплинг бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі орындарды иеленді. Аталмыш іс-шараға облыс орталықтарынан келген спортшылар әртүрлі жас және салмақ категорияларында бақ сынасты.

Ертіс өңірі полицейлерінің спорттық жетістіктерінің қоржынына Максим Басов пен Рустам Күзембаев тағы бір табыс әкелді. 

Облыс ПД жедел әрекет ету жасағының қызметкері Рустам Күзембаев өзінің қарсыластарын жеңіп, 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанса, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынды Максим Басов жеңіп алды. 

– Бұл жарыстарда жай ғана емес, өзінің барлық спорттық дағдыларын көрсету қажет болды. Бірақ үнемі спортпен шұғылдану өзін-өзі ұстауға мүмкіндік береді, ал жарыстарға қатысу қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауға тағы бір ынталандыру болып табылады. Абу-Дабидегі әлем чемпионаты алда, – дейді құқық қорғау органдары. 

Олардың айтуынша, құқық қорғау органдарының жетістіктері - бұл қоғамдағы полиция қызметінің  беделінің артуы.

Сондай-ақ, чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Айта кетейік, департамент басшылығы қызметкерлердің жоғары спорттық жетістіктерін құптайды: олар салауатты өмір салты идеяларын ілгерілетуге қызмет етеді, полиция қызметкерлерін одан әрі өзін-өзі дамытуға ынталандырады.