Павлодар облысының сауда үйлерінде ірі жеңілдіктер болады

Павлодар облысының сауда үйлерінде ірі жеңілдіктер болады
Фото: pexels.com/Karola G

Елде «Republic Day» акциясы басталды, деп хабарлайды @Pavodarnews.kz.

Республика күні қарсаңында Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты қолдауға және халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Republic Day» акциясын іске қосты. 

24–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде ірі жеңілдіктер ұйымдастырылып, қазақстандықтар тұрмыстық және басқа да кең сұранысқа ие тауарларды 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. Акцияға елде 220-дан астам сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, супермаркеттер, ірі дүкен желілері мен онлайн-маркетплейстер сияқты сауда нысаны қатысуда. 

Павлодар облысында – «Артур», «Квазар», «Тұлпар», «Мирас», «Атриум», «City Centre», «Batyr Mall», «Старый город», «Арман», «Баянмолл», «AsiaMall», «Гулливер» және басқа да орталықтарда жеңілдіктер ұйымдастырылады.

Астанада акцияға MEGA Silk Way, «Хан Шатыр», «Abu Dhabi Plaza», «Сарыарқа», «Koktal» сауда орталықтары, «Сауран» сауда үйі және Magnum, Small, АНВАР супермаркеттері қатысуда. 

Алматыда жеңілдіктерді «Forum», «Mega Alma-Ata», «Mega Park», Mart және Mart Village, «Maxima», «Aport Mall East», «MOSKVA metropolitan», «Grand Park», «Asia Park» және «Sputnik» сияқты танымал сауда орталықтарынан табуға болады.

Шымкент қаласында «Mega Planet», «Hyper House», «Фиркан Сити», «Shymkent Plaza», «Shymkent City Mall», «RAHIMA PLAZA», «Dur Plaza», «Бекжан», «Diamond Plaza», «Royal Plaza» және «Баян сұлу» сауда үйлері жеңілдіктер ұсынады. 

Басқа облыс пен қаладағы сауда үйлердің тізімін осы сілтеме арқылы көруге болады.

Жеңілдіктер негізінен тұтынушылық және тұрмыстық тауарларға: киім, аяқ киім, электроника, тұрмыстық техника, үйге арналған заттар мен күнделікті сұранысқа ие басқа да өнімдерге беріледі. Акция офлайн және онлайн сауда нүктелерін де қамтиды. 

Онлайн форматта да бірқатар танымал платформалар қосылды:  Wildberries-те жеңілдіктер 90%-ға дейін, Fortemarket-те FMFEST промокоды арқылы 10 000 теңгелік бонус, Kaspi дүкен түрлі тауарлар санатына  58% дейін  жеңілдік ұсынады.