Павлодар облысының сотталған бухгалтері: «Бұл ақша маған бақыт әкелмеді»

Павлодар облысының сотталған бухгалтері: «Бұл ақша маған бақыт әкелмеді»
Фото: Константин Шелков

Әйел адам ұрлаған ақшаның жартысын қайтарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Шарбақты ауданының тұрғыны 2019 жылдан бері балабақшада бухгалтер болып жұмыс істеген. Ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жеке және таныстарының есепшотына ақша аударған. Әйел адам таныстарын карточкасы бұғатталды деп алдап, өз жалақысын оларға аударып, ақшаны шешіп алуды сұраған. Одан бөлек, экс-бухгалтер төлем тапсырмаларына қол қойып, артық есептелген жалақы мен тауарларды сатып алу ретінде жалған мәліметтер енгізіп, қол қойған. Сол ақшаны да өзіне қолды қылған. 

– Ол ақшаға мен несиемді төлеп отырдым, – дейді ол. – Сотта өз кінәмді мойындадым. Бұл ақша маған не бақыт, не байлық әкелмеді, – деді әйел. 

Шарбақты ауданының пробация басшысы Махмұд Китиевтің айтуынша, сотталған әйел адам үш жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жатыр. Әр апта сайын ол тіркеуге келіп, өзінің іс-әрекеті туралы есеп береді.

– Сотталушы жазаның тәртібі мен шарттарын сақтайды. Пробация қызметінің инспекторлары оны тұрғылықты жері бойынша тексереді,– деді спикер. 

 Экс-бухгалтер мемлекетке 600 мың теңгеден астам өтемақы төледі.