Павлодар облысының түзету мекемелерінде өндіріс ашуға мүмкіндік бар
Кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің жаңа тетігі аясында пайдалануға дайын ғимараттар жалдау ақысынсыз ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта түзету мекемелерінің аумағында орналасқан бос үй-жайларды кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беру бойынша әлеуетті жобалар тізбесі қалыптастырылуда.
– Жобаларды іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерге барлық қажетті инфрақұрылымы тартылған, қосымша күрделі салымдарды талап етпейтін дайын нысандар беріледі. Ғимараттарды пайдаланғаны үшін жалдау ақысы алынбайды, – делінген хабарламада.
Барлық сұрақтар бойынша және қосымша ақпарат алу үшін келесі WhatsApp нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +7 (777) 600-70-19 немесе +7 (771) 370-50-67.