Павлодар облысының тағы бір спортшысы қысқы Олимпиада ойындарына барады

Павлодар облысының тағы бір спортшысы қысқы Олимпиада ойындарына барады

Роман Иванов Қазақстан ұлттық құрамасының қатарына енді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2025 жылы Роман Иванов Шерзод Хаширбаевпен бірге Қазақстан тарихында фристайл-акробатикадан алғашқы алтын медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке жеткен болатын. Олардың синхронды секірудегі өнерлерін төрешілер 97,92 ұпаймен бағалады, бұл Қытайдан келген ең мықты жеңіске үміткер екі жұптан озып кетуге мүмкіндік берді. 

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының негізін бес спортшы құрайды: Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асан Асылхан және Аяна Жолдас. 

Олимпиада ойындарында Қазақстан делегациясының жалпы санына 36 спортшы кіреді. Милан мен Кортина-Д’ Ампеццода өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары әлемнің 93 елінен 3500-ден астам қатысушыны жинамақ.