Павлодар облысының тас жолында жүк көлік пен «ГАЗель» соқтығысты
Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 шілдеде Нұрлы жол трассасында DAF XF маркалы ірі жүк көлігі қауіпті жылдамдықты сақтамай, ГАЗ-2705 көлігімен соқтығысты. Оның салдарынан «ГАЗель» қозғалысты жалғастырып, жол қоршауына соғылып, жүргізуші бірден көз жұмды. Көліктер айып тұрағына қойылды. ЖКО фактісі бойынша тексеріс ашылды.