Павлодар облысының трассасында болған жол-көлік оқиғасында төрт адам зардап шекті
Қатты жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
26 қарашада түнде «Қызылорда–Павлодар» автожолының 1248 шақырымында жеңіл автомобиль мен жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше адам жарақат алды.
– «Шідерті» трассалық медициналық-құтқару пункті шұғыл ден қою бригадасы оқиға орнына жедел келіп, зардап шеккендерді тексерді. Оларға алғашқы көмек көрсетілді. Апаттар медицина орталығының бригадасы екі адамды Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізді, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Қалған екі зардап шеккен адам оқиға орнында қалды. Оларға көмек қажет болмады.