Павлодар облысының жас футболшылары «Unity» кубогін иеленді
Кубок үшін Мойылды және Жетекші ауылдарының спортшылары күресті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Тұлпар» дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің мәліметінше, турнир 2011-2013 жылдары туған балалар арасында өтті.
– Мойылды ауылынан төрт ойыншы – Ерасыл Әлімхан, Алан Әділбеков, Бахтияр Байбосынов және Әбілқайыр Алдияр қатысты. Ерасыл Әлімхан турнирдің үздік қақпашысы атағына ие болды, – делінген хабарламада.
ДШСК «Ақбет» командасы сапында әуесқой футболдан Еуропа кубогынан оралған жаттықтырушы Роман Ваккердің еңбегі мен үлесін ерекше атап өтті.