Павлодар облысының мектеп оқушылары даңқты жерлесін еске алды

Павлодар облысының мектеп оқушылары даңқты жерлесін еске алды
Фото: автор

Облыс орталығында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Сарбаз-2025» жарысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ашылу салтанаты Қабанбай батыр атындағы облыстық «Жас сарбаз» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында өтті. Жарыс Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың 100 жылдығына арналды. Белгілі зеңбірекшінің ұлы Мұрат Қайырбаев болашақ Отан қорғаушыларын құттықтап, әрқайсысына табыс тіледі.

- Біз Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің балаларымыз, аса ауыр қиындықтарды бастан өткерсе де, ешқашан ерліктерімен мақтанбаған адамдардың ұрпағымыз, - дейді Мұрат Қайырбаев. – Бүгінгі сайыс та сіз үшін бір сынақ деуге болады, ол білім-біліктеріңізді тексеру. Сіздердің көпшілігіңіз өздеріңізді қиын жұмысқа – халыққа адал қызмет етуге арнадыңыздар, әскери киім тәртіпті күшейтіп, шыңдайтынын айту керек. Мұның бәрі сізге өмірде қажетті болады.

Мұрат Қайырбаев әр командаға бірнеше жақында ғана Мәскеуде жарық көрген әкесі Махмет Қайырбаев туралы кітаптың бір данасын сыйға тартты.

Ауған соғысының ардагері Сағадат Жұмабаев өз кезегінде мектеп оқушыларына тек адал да ымырасыз күрес арқылы ғана мықтыны анықтауды тіледі.

Жарысты облыстық білім басқармасының облыстық дене шынықтыру оқу-тәжірибелік орталығы ұйымдастырды. Орталық басшысы Бақтияр Түсіпов ойынға облыстың түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары қатысып жатқанын айтты.

- Үш орын таңдалды: спорт залы, жертөледегі тир және стадион. 10-11 сыныптардан барлығы 112 оқушы қатысуда. Жарыстар қазірде жақсы дәстүрге айналды, - дейді Бақтияр Түсіпов.

Ойындар спорттың бірнеше түрінен өтеді: шаңғы жарысы, автоматты құрастыру және бөлшектеу, пневматикалық мылтықтан ату, ұлдар үшін турникте тартылу және қыздар арасында денені көтеру.