Павлодар облысының әкімі Ақтоғай ауданының тұрғындарымен кездеседі

Павлодар облысының     әкімі Ақтоғай ауданының     тұрғындарымен кездеседі

Кездесу 16 ақпанға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Құрметті Ақтоғай ауданының тұрғындары, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2023 жылғы 16 ақпан күні сағат 11.00-де Ақтоғай ауылының мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Ақтоғай ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді,- делінген хабарламада.

Баршаңызды тұрақты кездесуге қатысуға шақырамыз.