Павлодар облыстық архиві күрделі жөндеуден өтті
Биыл өңірлік архив саласының жүз жылдық мерейтойын тойлауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жыл басында облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен архив ғимаратын күрделі жөндеуге 590 миллион теңге бөлінген болатын. Жөндеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп, бүгінде толықтай аяқталды.
Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова жұмыс сапары аясында өңірлік архив ұйымына келіп, жүргізілген жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сапар барысында бірқатар ескертпелер мен ұсыныстар айтылды. Бұл ескертпелер алдағы уақытта тиісті деңгейде реттелетін болады.
Жалпы архив саласына ерекше көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырған облыс басшылығына архив ұжымы шынайы ризашылығын білдіреді.