Павлодарда ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен екі қыз ұсталды

Павлодарда ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен екі қыз ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Полиция қызметкерлері Жетісу облысының екі тұрғынын ұстады. Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту, сату мақсатында дайындау, сондай-ақ өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдеріне 24 және 25 жастағы әйелдердің тыйым салынған заттардың заңсыз айналымына қатыстылығы туралы жедел ақпарат түскен. Тінту шаралары барысында күдіктілерден «жасырма» тәсілі арқылы таратуға дайындалған оралымдар тәркіленді. Сараптама олардың аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтағанын растады, – деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ведомство атап өткендей, ұсталғандар есірткі айналымына қатысы барын жасырмай, жедел уәкілдерге алдын ала оралған және таратуға дайын есірткіні сатып алғандарын айтқан. Олардың міндетіне Павлодар қаласында жасыруға келетін орындарды таңдау және мекенжайларды кураторға хабарлау кірген.