Павлодарда ішімдікпен «жылынғысы» келген тұрғын жазаланды
Ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәулік бойы полиция қызметкерлері 102-арнаға немесе «Police.102» омниканалдылықтың мобильді қосымшасы бойынша түсетін азаматтарды шақыруға шығады.
– Өткен тәуліктің өзінде 391 хабарлама пысықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда және көшеде мас адамдар бойынша 82 шақыру болды. Сағат 17:37-де Астана көшесі, 28-үйдің екінші кіреберісінде спирттік ішімдіктер ішіліп, тұрғындардың ескертулерін елемейтіні туралы хабарлама түсті. Көрсетілген мекенжайға автопатруль жіберілді. Аталған мекенжай бойынша 1989 жылы туған ауыл тұрғыны ұсталды. Ол ішімдік ішіп «жылынғысы» келген, – дейді департаментте.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылып, айыппұл салынды.