Павлодарда Қала күніне орай концерттер, фестивальдер мен спорттық жарыстар өтеді
Мерекелік бағдарлама 23-26 шілде аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
23 шілдеде сағат 18:00-20:00 аралығында орталық жағалаудың шағын сахнасында «Ertis Sound» көше музыканттарының байқауы өтеді.
24 шілдеде сағат 17:00-19:00 аралығында Жетекші аула клубында «Менің сүйікті қалам» сурет байқауы ұйымдастырылады. Ал 18:00-20:00 аралығында №16, 24, 42 және 48 мектептердің алаңдарында, Жаңауыл және Теміржолшылар шағын аудандарының клубтарында, Гагарин атындағы саябақта QalaFest мерекелік бағдарламалары өтеді. Сонымен қатар Кенжекөл, Павлодар және Мойылды ауылдарында мерекелік концерттер ұйымдастырылады.
25 шілдеде сағат 10:00-12:00 аралығында Жаңауыл және Теміржолшылар шағын аудандарының клубтарында, сондай-ақ Гагарин саябағында QalaFest жалғасады. 10:00-14:00 аралығында орталық жағалауда ашық қалалық шахмат турнирі өтеді. 11:00-де қала аулаларында Ertis Aula Fest спорттық-сауықтыру фестивалі басталады. 12:00-14:00 аралығында Атамекен және Жаяу Мұса аула клубтарында «Ерке Ертістің жағасында!» көпшілік іс-шарасы, Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Жаса, жайна, сүйікті қалам!» мерекелік концерті өтеді. Кешкі 19:00-22:00 аралығында орталық жағалаудағы Ertis Promenade сахнасында мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.
26 шілдеде сағат 06:00-11:00 аралығында QalaRun дәстүрлі жеңіл атлетикалық жарысы өтеді. Қатысушылар Ақ.Сәтбаев, Астана және өзге де көшелермен 21 шақырым қашықтыққа жүгіреді. Ал 16:00-19:00 аралығында орталық жағалаудағы Ertis Promenade сахнасында PAVLODAR ERTIS CUP 2026 киберспорт турнирінің финалдық ойындары мен шоу-матчтары өтеді.