Павлодарда Қамзин көшесінің бір бөлігі жабылады
Жол таңбаларын салу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, жол қозғалысы Ломов көшесінен Естай көшесіне қарай бағытталатын тұста жабылады.
Ведомство тұрғындар мен қонақтардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.