Павлодарда Қазақстанның мықты айти мамандары үш миллион теңге үшін жиналады

Хакатонның қазылар алқасында министрліктің өкілдері болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
29-30 мамыр күндері Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Павлодар облысының әкімдігі ҚР Оқу-ағарту министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, колледж студенттері, түлектері мен жас жұмысшылардың қатысуымен «Innovation» республикалық хакатонын өткізеді. Хакатон Павлодар қаласындағы Ақпараттық технологиялар колледжінің базасында ұйымдастырылады.
Хакатонға республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардан келген колледж студенттері мен түлектері қатысады деп жоспарлануда. Жүзден астам қатысушы жиналып, 25 командаға бөлінеді. Қазылар алқасы құрамында ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Astana Hub» халықаралық технопаркі, жоғары оқу орындары мен IT компаниялардың өкілдері болады. Жүлде қоры – 3 миллион теңге.
Қатысушылар қосымша сұрақтар бойынша Павлодар облысы білім беру басқармасының Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Елнар Утюбаевқа хабарласа алады(+7 747 281 3184).