Павлодарда өрттің үш қабатты үйге таралуына жол берілмеді

Павлодарда өрттің үш қабатты үйге таралуына жол берілмеді
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында екі газ баллон сыртқа шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 10.04-те жеке үйде түтін шығып жатқандығы туралы хабарлама түскен. 

– Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қазандық бөлмесіндегі тілсіз жауды  сөндіруге кірісті, 12 шаршы метр алаңда ағаш қабырғалар, қаптау және көмір жанғандығы анықталды, – дейді департаментте.

Қазандық бөлмесінде орын алған өрттің үш қабатты үйге таралуына және жарылыстың болуына жол берілмеді.

Апаттық медицина орталығының қызметкерлері үй иесіне медициналық көмек көрсетті. Өрт толықтай сағат 10.35-те жойылды.