Павлодарда үш кәмелетке толмаған есірткі таратушы ұсталған

Павлодарда үш кәмелетке толмаған есірткі таратушы ұсталған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сондай-ақ, қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі басқарма бөлімінің бастығы Ирина Темірғалиеваның мәлімдеуінше, бес адамнан тұратын қылмыстық топ облыс орталығында ұсталды. Кейін белгілі болғандай, олар Павлодарға басқа қаладан келіп, мұнда жеке тұрғын-үй жалдап, интернет арқылы есірткі сата бастаған. Қылмыскерлерден тыйым салынған заттары бар үш мыңнан астам капсула тәркіленді. Қазір таңда тергеу жүріп жатыр. 

– Сондай-ақ, биыл облыс орталығында үш кәмелетке толмаған есірткі таратушы ұсталды. Бұл ретте, біздің басқарманың маңызды бағыттарының бірі – халықты, жастарды, жасөспірімдерді есірткіге қарсы тұрақты сананы қалыптастыруға ықпал ететін салауатты өмір салтына бағдарлайтын профилактикалық іс-шараларды жүргізу. Бұл түрлі іс-шаралар, дәрістер, семинарлар, жұмыс кездесулері. Сондай-ақ, ауқымды спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлеміз, – дейді Ирина Темірғалиева. 

Қоғамның тағы бір қасіреті – жасөспірімдердегі есірткіге тәуелділік. Сарапшылар балаларын мұқият бақылауға кеңес береді. Егер сіздің балаңыз тыйым салынған заттарды пайдаланады деп күдіктенсеңіз, шұғыл түрде кеңес алу үшін Ростовская көшесі, 50 мекенжайына барып жүгінген дұрыс. 

– Бірақ та кәмелетке толмағандар психиатриялық және наркологиялық көмек бойынша өз бетінше кеңес ала алмайды. Олардың заңды өкілдерінің, ата-аналарының немесе қамқоршыларының біреуі қасында болуы керек. Егер ата-аналар балаларының есірткі қолданатыны жайлы күдіктенсе, наркологиялық бөлімше орналасқан Ростовская көшесі, 50 мекенжайына барып зәр, тапсыруға кеңес береміз, –  дейді Павлодар облыстық психологиялық денсаулық орталығының психологы Анна Куликова. 

Спикердің айтуынша, ата-аналар баланың денесінде есірткі тауып, оны есепке қояды деп алаңдамауы керек. Себебі, оқуға түсу және мектепті бітіру кезіндегі құжаттарда бұл мәліметтер көрсетілмейді.