Павлодарда ұлттық киім тігіп, сыйлық ұтып алуға болады
Бүгінде «Ұлттық киім – ұлт ажары» байқауына тіркелу жалғасуда, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Ұйымдастырушылардың бірі «Kazcenospheres» ЖШС менеджері Элина Несирханованың айтуынша, бірінші орынға – 500 мың теңге, екінші орынға – 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге табысталады.
– Байқаудың шарттары бойынша қатысушылар әкімдік қызметкерлермен, ұйымдастырушылармен немесе демеушілермен туыстық қатынаста болмауы керек. Сонымен қатар қатысушылар киетін ұлттық киімдерді өздер тігуі керек. Ал қазылар алқасы киімнің ерекшелігіне, өзгешелігіне қарай бағасын береді, – дейді Элина Несирханова.
Байқау «Құлагер» ипподромында 26 тамыз күні, сағат 11.00-де өтеді. Бүгінгі таңда байқауға үш қатысушы тіркелген.
Айта кету керек, байқауға 16 және одан жоғары жастағы қыздар мен әйелдер қауымы қатыса алады. Тіркеу 25 тамызға дейін жалғасады.
Қосымша ақпарат бойынша және тіркелу үшін +7 705 707 52 32 нөміріне хабарласуға болады.