Павлодарда әйгілі фотосуретші махаббат тақырыбындағы фотокөрмесін қояды
Жұмыстардың өзгешелігі кадрдың ерекше динамикасында бейнеленеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
24 қаңтарда «Ертіс» мультимедиялық мұражайында Ақсу қаласының әйгілі фотосуретшісі Владимир Панасюктың «Признание в любви» атты фотокөрмесі ашылады.
Владимир Панасюк-жеке және ұжымдық көрмелердің авторы. Оның жұмысы кадрдың ерекше динамикасымен және бір сәтте айтылған оқиғаның эмоционалды толықтығымен ерекшеленеді. Аталған көрмеге Ақсу мен Павлодардағы фото бірлестіктердің мүшелері мен мектеп оқушылары қатысады.