Павлодарда өрт болған үйден 100-ден астам адам құтқарылды
Оның екеуінің мүмкіндігі шектеулі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 7 қыркүйек күні сағат 19:33-те Павлодар қаласында Мүткенов көшесі, 54 мекенжайы бойынша 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
- Жалын жалпы ауданы 18 шаршы метр жерді шарпыған. Онда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанған. Өрт сөндірушілер 5-қабаттағы пәтерлерден 10 адамды құтқарды. Оның 2-еуі мүмкіндігі шектеулі адамдар, - дейді облыстық төтенше жағдайлар қызметі өрт сөндіру қызметінің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығын азаматтық қорғау майоры Дамир Әбілқайыров.
Бұдан бөлек, өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен 44 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Ал 76 адам, оның ішінде 20 бала өз күшімен далаға шықты.
Құтқарылған екі адамды апаттық медицина орталығының қызметкерлері тексерді. Оларға жану өнімдерімен улану диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызу қажет еместігі айтылды.
Өрт сағат 20:30-да сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі мен шығыны анықталуда.